Николай Курганский: «Өз заманымызда Месси мен Роналду сияқты жұлдыздар болдық»

Николай Курганский: «Өз заманымызда Месси мен Роналду сияқты жұлдыздар болдық»

1993 жылы «Батыр» футбол клубының шабуылшысы Николай Курганский елдің үздік футболшысы атанды. Қазақстанда ол тек бір клубтың намысын қорғады және сол команда жастық шағын өткізген, қазір де тұрып жатқан қаладан – Екібастұздан. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына Курганский сұхбат беріп, 90-шы жылдардағы еліміздің және Финляндияның футболы жайлы баяндап берді.

-Сол жылдары футболға көп ақша бөлінбеген, - дейді Николай Курганский. – Қанша жалақы берді, соны да қанағат тұттық. Мен қазір де өз ойыншыларыма солай деймін: «Мені неге әлі күнге дейін қалада барлығы таниды? Себебі біз алаңға ақша үшін емес, жанкүйер үшін шықтық». Стадион әрдайым толы болды.

- Сол заманда Екібастұз стадионының алаңы қандай болды?

- Қазіргі алаңмен салыстыра алмасақ та, жаман сапасына көңілін бөлмедік. Жаңбыр жауса, болды - алаң емес, бәрі саз болыпты.

- Сіз негізгі командаға қалай келдіңіз?

- Өзім Павлодар облысының «Ильич жолы» совхозынан шықтым. Аудандық жарыстарда өз өнерімді көрсеттім. Сөйтіп, «Екібастұз» клубының бас бапкері Виктор Веретнов мені Алматы облысының Табаксовхоз ауылында ойнаған кезде байқап қалды. Солай мен 1984 жылы командаға келдім.

- Екібастұз қаласына көшкенде, пәтерді тез арада берді ме?

- Ол кезде мен үйленген болатынмын, кішкентай қызым да бар екен. Жанұямызға пәтер берді. Міне, қазір де сол пәтерде тұрамын.

- Қазақстанның үздік ойыншысы атағын жеңдіңіз. Сіз үшін ол тосын сый болды ма?

- Ол жағын ойламаппын. Тағы да қайталайын, алаңға тек жанкүйер үшін шықтық. Өзімізді аямадық.

- Сол жылы қанша доп соқтыңыз?

- Жиырма алты. Екінші кезеңде қазіргі Премьер-лигада сияқты командалар алтаудан екі топқа бөлінді. Александр Шмариков деген шабуылшы жиырма сегіз гол салды, ал үздік сұрмерген атағын маған берді, себебі біздің топта қарсыластарымыз мықтырақ болды.

- 1993 жылдың маусымынан кейін ұсыныстар көп болған шығар?

- Бір де бір ұсыныс келген жоқ. Шын айтамын. Тек келесі жылдың ортасында Финляндиядан жақсы ұсыныс келді. Сол елге Валерий Решетнов екеуіміз аттандық. Жарты жыл ойнағаннан кейін жаңа екі жылдық келісім-шартқа отыруға ұсыныс түсті. 1995 жылы он бес рет гол соқтым, ал келесі маусымда ауыр жарақат алдым. Сөйтіп, Отанына оралдым. Финляндия елінің футболы біздікімен салыстырғанда басқаша. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғанға дейін тағы Находка қаласындағы «Океан» дейін команда өзіне шақырды. Сол команданы белгілі маман Александр Аверьянов жаттықтырған. Бірақ Алыс Шығыстан ойындарға ұзақ жолға ұшу керек болды, сондықтан өз келісімін бермедім. 1991 жылы ТМД чемпионаты өтуі керек еді, бірақ әр ел өз тәуелсіз чемпионатты өткізу туралы шешімін қабылдады. Ал мен сол кезде Бішкек қаласының «Алға» дейтін командада оқу-жаттығу жиынын өткіздім. Солай Екібастұзға оралдым.

- Біздің еліміздің алғашқы тәуелсіз чемпионаты 1992 жылы өтті. Стадиондар толы болды ма?

- Мысалы, қазір стадионға ең көбі мың-мың жарым адам келеді. 90-шы жылдарда стадион сегіз мың адамды сиғызды, және көбілері қасында тұрған үйлердің шатырларынан футболды тамашалады. Сол заманда біз Қазақстан үшін қазіргі жұлдыздар Месси және Роналду секілді болдық. 1993 жылғы чемпионаттың соңында Павлодарға ойнауға баратынбыз. Күміс жүлдені ұттық. Тағы павлодарлықтарды жеңсек, алтын медаль иелену мүмкіндіктеріміз де болды. Басшыларымыз «қалағандарыңды сұраңдар» деді. Сөйтіп, әрқайсымызға Sony теледидарын сыйға тартты. Сол теледидар қазір де жұмыс істейді. Мен үшін ол зат өте бағалы.

- Теледидардан чемпионатың ойындарын көрсетті ме?

- Жоқ. Қателеспесем, матчтарды 1998 жылдан бастап көрсете бастады. Біз сосын қарсыластарымыздың ойынын ол видео бойынша зерттедік.

- Ұлттық құрамада өткізген ойындарыңыз есіңізде ме?

- Жақында сізге берген Руслан Гумардың сұхбатын оқыдым. Оның Ташкентте болған Хуан Антонио Саморанчпен кездесуі туралы мәліметті растаймын. Өзімнің ұлттық құрамада соққан екі голым Қырғызстанға қарсы ойында болды. Ойын Қызылордада өтті. Ұлттық құрама сапында Волгин, Масудов, Кафанов секілді шеберлі ойыншылар өнерін көрсетті.

- Қазір сіз «Екібастұз» клубының бапкерлік штабында жұмыс істейсіз.

- Иә. Жағдайымыз қиын. Команданың өмір сүруі үшін қаражат жетіспейді, бірақ әкімшілік «көмектесеміз» деді. Жақсы жаңалықтар күтудеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или