Черданцев Аршавиннің болашағы жайлы: «Андрейдің орнында болсам, «Қайратқа» ауысар едім»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Матч ТВ» арнасының комментаторы Георгий Черданцев 34-жастағы ресейлік футболшы Андрей Аршавиннің «Қайратқа» ауысуы жайлы айтып берді. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Мен Андрейдің орнында болсам, «Қайратқа» ауысар едім. Алматы - Еуразиядағы ең әдемі қалалардың бірі. Өзім бірнеше рет бұл қалада болдым. Демалатын орындары көп, заманауи қала. «Қайратта» болған адамдардың бәрі оның инфрақұрылымын мақтайды. Әрине, Қазақстан біріншілігі Аршавин ойнаған чемпионаттардан әлсіздеу, бірақ «Қайратта» ойнау – жақсы ұсыныс. Македония чемпионатында ойнаудан қарағанда әлдеқайда жақсырақ», - деді Черданцев «МАТЧ ТВ» арнасына. </p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, ресейлік БАҚ Ресей құрамасының бұрынғы капитаны жақын арада Александр Бородюк баптайтын «Қайрат» командасына ауысады деп хабарлауда. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или