«Интер Майамидің» матчында 6:4 есебі тіркелді
MLS тұрақты маусымында «Интер Майами» «Филадельфия Юнионды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч алаң иелерінің пайдасына 6:4 есебімен аяқталды. «Интер Майамидің» голдарын Герман Бертераме (13-ші, 41-ші минуттар), Луис Суарес (29-шы, 44-ші, 81-ші минуттар) және Родриго Де Поль (90+3) соқты, ал қонақтар сапында Милан Илоски (3-ші, 10-шы пенальти, 45+8-ші пенальти) мен Бруно Дамиани (20-шы) нәтижелі соққымен көзге түсті. «Интер Майамидің» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 73 минут ойнап, екі нәтижелі пас берді.
Осылайша, «Интер Майами» 31 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнир кестесінде екінші орынға шықты, ал жеті ұпаймен «Филадельфия Юнион» соңғы, 15-ші орында тұр.
Соккадан Еуропа біріншілігі: Қазақстан құрамасы финалға дейін жетті