1XBET - ставки на спорт

Футболдан Англия Премьер-лигасы аяқталды

Футболдан Англия Премьер-лигасы аяқталды

Англия Премьер лигасының 2025/26 жылғы маусымы мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.

Маусым қорытындысында «Арсенал» көптен күтен чемпиондығына қол жеткізді. Лондондық клуб 22 жылдан кейін турнирде топ жарып отыр. «Арсенал» биыл 38 ойында 85 ұпай жинап, екінші орындағы «Манчестер Ситиден» 7 ұпай озып кетті. 

Келер маусымда Чемпиондар лигасына «Арсенал» мен «Ситиден» бөлек, «Манчестер Юнайтед» (71 ұпай), «Астон Вилла» (65) және «Ливерпуль» (60) командалары қатысады.

«Борнмут» (57 ұпай) пен «Сандерленд» (54) Еуропа лигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама алса, «Брайтон» (53) Конференция лигасының іріктеу кезеңіне қатысады.

Көш соңында қалған «Вест Хэм» (39 ұпай), «Бёрнли» (22) және «Вулверхэмптон» (20) төменгі лигаға түсіп қалды. 

Үздік сұрмерген атағы Эрлинг Холандқа («Манчестер Сити») бұйырды. Норвегиялық шабуылшы 27 гол соқты.  

Ал ең көп нәтижелі пас шығарған ойыншы атағын Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед») иеленді. Португалиялық футболшы биыл 21 ассистент жасады.

Айта кетейік, Англияның азуылы клубтары саналатын «Челси» мен «Тоттенхэм» биыл сәтсіз өнер көрсетті. Алғашқысы 52 ұпаймен небәрі 10-орынға жайғасса, «Тоттенхэм» тіпті Чемпионшипке ұшып кете жаздады (17-орын, 41 ұпай). 

«Манчестер Сити» Англия кубогын жеңіп алды

Жозе Моуринью «Реал» бас бапкері атанады

«Камп Ноу» стадионы Левандовскиймен қоштасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или