Ресейлік клуб бапкері Әліптің болашағына баға берді
Қазақстандық маман, қазір Ростов-на-Донудағы СКА клубында жұмыс істейтін Эрнест Капышев Нұралы Әліптің «Зениттегі» болашағы туралы пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның айтуынша, «Зениттегі» бәсекелестік өте жоғары деңгейде. Соған қарамастан Әліп осы маусымда 26 матч өткізген.
Капышев Ресей чемпионатындағы лимиттің күшеюі қазақстандық қорғаушының мүмкіндігін арттыратынын атап өтті. Себебі қазақстандық футболшылар РПЛ-де легионер саналмайды.
Сондай-ақ бапкер «Зениттегі» негізгі шетелдік жұлдыздардың көбісі шабуыл шебіндегі ойыншылар екенін айтты.
Маман Нұралы Әліптің төрт чемпиондық пен жүзден астам матч өткізгенін жоғары бағалап, бұл оның мансабындағы маңызды кезең екенін жеткізді.
Капышевтің пікірінше, 26 жастағы қорғаушы «Зенитте» қалмаса да, РПЛ-дегі басқа топ-клубтарға қажет футболшы бола алады.
Нұралы Әліп 2022 жылдың ақпанынан бері «Зенит» сапында өнер көрсетіп келеді. 2025/26 жылғы РПЛ маусымында 16 матч өткізіп, бір гол соқты.
Қазақстан құрамасы сапында 2018-2026 жылдар аралығында 50 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берген.
Transfermarkt порталы футболшыны 2,5 миллион еуроға бағалап отыр.