«Қызылжар» сырт алаңнан ұпай алып кетті
ҚПЛ-дің 11-туры аясында «Ақтөбе» өз алаңында петропавлдық «Қызылжармен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орталық стадионда өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
Матч барысында алаң иелері басымдық танытып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. «Ақтөбе» футболшылары бірнеше мәрте қақпа бағанасына дәл соққы жасағанымен, есеп аша алмады.
Қонақтар сапындағы қақпашы Дмитрий Челядин бірнеше сәтте командасын голдан құтқарып қалды.
Осы тең нәтижеден кейін «Ақтөбенің» еншісінде 15 ұпай болды. Ал «Қызылжар» 12 ұпай жинады.
Қазір екі команда да турнир кестесінің орта бөлігінде орналасып тұр.
Әділет Садыбеков «Қайсарға» қарсы матчта алаңға шықпайды
«Каспий» - «Ертіс» матчы қалай өтті. Видео
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или