«Қайсар» көшбасшыны тоқтатты
ҚПЛ-дің 11-туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында қызылордалық «Қайсармен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.
Кездесу барысында алаң иелері басымдық танытып, қарсылас қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Алайда «Қайсар» қорғаныста сенімді ойнап, қақпасына гол жіберген жоқ.
Осы тең нәтижеден кейін «Қайрат» жеңіліссіз сериясын жалғастырып, 27 ұпаймен турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды.
Екінші орында 22 ұпайы және екі ойыны қорда тұрған «Ордабасы» келеді. Ал «Қайсар» 10 ұпаймен 12-орында тұр.
Келесі турда 28 мамыр күні «Қайрат» сырт алаңда «Ордабасымен» кездеседі. Ал «Қайсар» өз алаңында «Елімайды» қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или