«Елімай» елордалық «Жеңіс» командасын 2:1 есебімен жеңді
Қазақстан Премьер-лигасының 11-туры аясында семейлік «Елімай» өз алаңында елордалық «Жеңіс» командасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчта есепті 20-минутта Роман Муртазаев ашты. Екінші тайм басында Исламбек Қуат таразы басын теңестірді.
Ойынның тағдырын 80-минутта соғылған гол шешті. Фессу Плакка жеңіс добын соғып, «Елімайға» маңызды үш ұпай сыйлады.
Айта кетелік, аталмыш жеңістен кейін «Елімай» 17 ұпаймен алтыншы орынға көтерілсе, «Жеңіс» 13 ұпаймен оныншы сатыда қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или