«Зенит» клубы «Балтика» командасынан Кевин Андрадені қатарға қосты

«Зенит» клубы «Балтика» командасынан Кевин Андрадені қатарға қосты

Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы Калининградтың «Балтика» командасынан колумбиялық қорғаушы Кевин Андрадені қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліпке тікелей бәсекелес болуы мүмкін.

26 жастағы футболшымен келісімшарт 2030/31 маусымының соңына дейін жасалған. Андраде «Балтика» сапында 83 матч өткізіп, 3 гол соққан.

Бұған дейін ол Аргентина мен Колумбия клубтарында өнер көрсеткен. Оның трансферлік құны шамамен 3 миллион еуро деп бағаланады.

Айта кетелік, «Зенит» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпте ойнайды. Жаңа ойыншының келуі оның негізгі құрамдағы бәсекесін күшейтуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или