«Динамоның» тағдыры президент шешіміне қарай өзгеруі мүмкін
Минскінің «Динамо» клубындағы бас бапкер мәселесі жақын күндері шешілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Артур Хайруллиннің мәліметінше, клубтың жаңа бас бапкеріне қатысты шешім 22 мамыр күні қабылдануы ықтимал. Оның айтуынша, бұл мәселеге тікелей клуб басшылығы мен жоғары лауазымды тұлғалар араласып отыр.
Сондай-ақ дереккөз клуб басшылығының қазіргі бапкер Дмитрий Квартальновқа оң көзқараста екенін атап өтті.
«Көпшілікке құпия емес, оған Дмитрий Квартальнов ұнайды. Бірақ егер бас бапкерді қалдырса, онда Каркоцкиймен қоштасуға тура келеді» деп жазды Хайруллин телеграм арнасында.
Айта кетелік, Минскінің «Динамосы» ҚХЛ-да астаналық «Барыспен» бір конференцияда өнер көрсетеді. Сондықтан клубтағы өзгерістер келесі маусымдағы бәсекеге де әсер етуі мүмкін.