40 жастағы қақпашы әлем чемпионатына барады

40 жастағы қақпашы әлем чемпионатына барады

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер Германия құрамасына қайта шақырылып, 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған тізімге енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

40 жастағы голкипер ұлттық құрама сапындағы соңғы матчын 2024 жылдың шілдесінде Испанияға қарсы Еуро-2024 ширек финалында өткізген еді.

Германия құрамасының әлем чемпионатына арналған өтініміне жалпы 26 футболшы кірді.

Қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария»), Александр Нюбель («Штутгарт»), Оливер Бауманн («Хоффенхайм»).

Қорғаушылар: Вальдемар Антон («Боруссия» Дортмунд), Нико Шлоттербек («Боруссия» Дортмунд), Йозуа Киммих («Бавария»), Джонатан Та («Бавария»), Давид Раум («Лейпциг»), Антонио Рюдигер («Реал»), Натаниэль Браун («Айнтрахт»), Малик Тиав («Ньюкасл»).

Жартылай қорғаушылар: Леон Горецка («Бавария»), Александар Павлович («Бавария»), Леннарт Карл («Бавария»), Джейми Левелинг («Штутгарт»), Анджело Штиллер («Штутгарт»), Флориан Вирц («Ливерпуль»), Феликс Нмеча («Боруссия» Дортмунд), Надием Амири («Майнц»), Лерой Сане («Галатасарай»), Паскаль Грос («Брайтон»).

Шабуылшылар: Кай Хаверц («Арсенал»), Денис Ундав («Штутгарт»), Джамал Мусиала («Бавария»), Максимилиан Байер («Боруссия» Дортмунд), Ник Вольтемаде («Ньюкасл»).

Юлиан Нагельсманн баптайтын Германия құрамасы әлем чемпионатында Е тобында ойнайды. Топтық кезеңде команда Кюрасао, Кот-д’Ивуар және Эквадор құрамаларымен кездеседі.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или