1XBET - ставки на спорт

Бразилия жұлдызы әлем чемпионатында капитан болмайды

Бразилия жұлдызы әлем чемпионатында капитан болмайды

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти Неймармен сөйлесу кезінде 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты бірнеше маңызды шартын айтқан, деп хабарлайды Prosports.kz.

Globo мәліметінше, италиялық маман 34 жастағы футболшыға мундиальда құраманың капитаны болмайтынын нақты жеткізген.

Өткен бейсенбіде Анчелотти мен ұлттық құраманың директоры Родриго Каэтано «Сантос» ойыншысымен видеоқоңырау арқылы сөйлескен.

Кездесу барысында бапкер Неймарға үш жылға жуық үзілістен кейінгі құрамдағы рөлін ашық түсіндірген.

Сондай-ақ Анчелоттиде негізгі құрам бойынша өз жоспары бар екенін айтып, алғашқы кезеңде Неймар старттық құрамда болмайтынын жеткізген.

Бұдан бөлек, италиялық маман ұлттық командадағы жаңа тәртіп ережелері туралы да түсіндіріп өткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или