1XBET - ставки на спорт

«Арсенал» жас жұлдызымен бірге чемпион атанды

«Арсенал» жас жұлдызымен бірге чемпион атанды

«Арсенал» жартылай қорғаушысы Макс Доуман АПЛ тарихындағы ең жас чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Англия чемпионатын 16 жас 139 күнінде жеңіп алып, бұған дейінгі рекорд иесі Фил Фоденнің көрсеткішінен асып түсті. «Манчестер Ситимен» чемпион болған кезде Фоден 17 жас 350 күнде болған.

Доуман сондай-ақ АПЛ тарихындағы негізгі құрамда шыққан ең жас ойыншы және премьер-лигада гол соққан ең жас футболшы саналады.

Осы маусымда 16 жастағы хавбек Англия чемпионатында 16 матч өткізіп, бір гол және бір нәтижелі пас авторы атанды.

19 мамыр күні «Манчестер Сити» «Борнмутпен» 1:1 есебімен тең түскеннен кейін «Арсенал» мерзімінен бұрын чемпиондықты қамтамасыз етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или