Команда АПЛ-де жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді
«Борнмут» Англия Премьер-лигасының 37-туры аясында «Манчестер Ситимен» 1:1 есебімен тең ойнап, еурокубок жолдамасын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша клуб өз тарихында алғаш рет еурокубокте өнер көрсетеді. Қазір Андони Ираола жаттықтыратын команда турнир кестесінде алтыншы орында тұр. Бұл орын Еуропа лигасына қатысуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар «Борнмуттың» Чемпиондар лигасына жолдама алуға да теориялық мүмкіндігі сақталып отыр.
Маусымның соңғы турында команда сырт алаңда «Ноттингем Форестпен» кездеседі.
Айта кетейік, «Борнмут» АПЛ-де 2026 жылдың 3 қаңтарынан бері жеңілген жоқ. Осы аралықта клуб 17 матч өткізіп, сегіз жеңіс пен тоғыз тең ойын тіркеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или