«Арсенал» Англия чемпионы атанды
«Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Макс Доуман АПЛ тарихындағы ең жас чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Англия чемпионатын 16 жас 139 күнінде жеңіп, бұған дейінгі рекорд иесі Фил Фоденнің көрсеткішін жаңартты. «Манчестер Ситимен» чемпион болған кезде Фоден 17 жас 350 күнде еді.
Сонымен қатар Доуман АПЛ тарихындағы ең жас негізгі құрам ойыншысы және ең жас гол авторы саналады.
Осы маусымда 16 жастағы футболшы Англия чемпионатында 16 матч өткізіп, бір гол және бір ассист жасады.
19 мамыр күні «Манчестер Сити» «Борнмутпен» 1:1 есебімен тең түскеннен кейін «Арсенал» мерзімінен бұрын чемпион атанды.
Қазір лондондық клубтың еншісінде 82 ұпай бар. Ал екінші орында тұрған «Сити» 78 ұпай жинаған.
«Арсенал» өз тарихында Англия чемпионы атағын 14-рет жеңіп алды. Команда соңғы рет 2003/04 маусымында Арсен Венгердің жетекшілігімен чемпион болған еді.