Бразилиялық жұлдызды қателесіп ауыстырып жіберген

Бразилиялық жұлдызды қателесіп ауыстырып жіберген

Неймар «Сантос» пен «Куритиба» арасындағы матчта төрешілермен қызу дауға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оқиға кездесудің 65-минутында болды. Төртінші төреші ауыстыру кезінде 10-нөмірді көрсеткен. Сол сәтте Неймар балтырындағы жарақатына байланысты алаң сыртында жатқан еді.

Телетрансляциядағы кадрларға сәйкес, алаңнан Гонсало Эскобар шығуы керек болған. Алайда төрешілер қателесіп, Неймарды ауыстырып жіберген.

Бразилиялық футболшы алаңға қайта кіріп, қателікті түсіндіруге тырысқан. Бірақ ол әрекеті үшін сары қағаз алды.

Кейін ашуға булыққан Неймар төрешілердегі ауыстыру тізімін алып, камераға көрсетіп, қателік болғанын дәлелдеуге тырысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или