«Милан» футболшыны сатуға дайын
Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы «Милан» шабуылшысы Рафаэл Леауды өз қатарына қосуды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәліметке сәйкес, италиялық клуб португалиялық футболшы бойынша келіссөз жүргізуге дайын. Леаудың келісімшартындағы өтемақы көлемі 175 миллион еуро болса, «Милан» ойыншыны шамамен 40-50 миллион еуроға сатуы мүмкін.
Қазір клуб қаржылық қиындықтарға тап болғандықтан, негізгі футболшылар бойынша ұсыныстарды қарастыруға ниетті.
Осы маусымда Рафаэл Леау барлық турнирде 30 матч өткізіп, 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталы футболшыны 65 миллион еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или