Гана құрамасының шабуылшысы «Шахтерге» ауысуы мүмкін

Гана құрамасының ойыншысы Осей Рэнсфорд қарағандылық «Шахтер» клубында қаралымда жүр, деп хабарлайды «кеншілердің» ресми сайты.

25-жастағы шабуылшы - Гана құрамасының ойыншысы. Кәсіпқой мансабын Рэнсфорд «Медиама» клубында бастады. 2008-ші жылы «Маккабимен» (Хайфа қ., Израиль) үш жылдық келісімшартқа отырды. Сондай-ақ, ганалық футболшы «Твенте» (Энсхеде қ., Нидерланды), «Гранада» (Гранада қ., Испания), «Блумфонтейн Селтик» (Блумфонтейн қ., ОАР), «Асанте Котоко» (Кумаси қ., Гана), «Полокване Сити» (Половкане қ., ОАР) командаларында өнер көрсеткен.

Айта кетер жайт, Осей Рэнсфорд Ганамен бірген жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңген болатын.

Осей Рэнсфорд «кеншілердің» «Нови Пазарға» қарсы жолдастық матчында негізгі құрамасында алаңға шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или