Португалиялық маман испаниялық хавбекті басты мақсат етті
Жозе Моуринью мадридтік «Реалды» басқарған жағдайда «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родриді командаға алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәліметке сәйкес, португалиялық маман Испания құрамасының ойыншысын негізгі трансферлік мақсаттардың бірі ретінде қарастырып отыр.
Қазіргі таңда Родридің «Манчестер Ситидегі» болашағы толық шешілген жоқ. Оның келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, бірақ жаңа келісім әлі жасалмаған.
Соған қарамастан ағылшын клубы 2024 жылғы «Алтын доп» иегерін командада сақтап қалуды жоспарлап отыр.
Осы маусымда 29 жастағы жартылай қорғаушы барлық турнирде 32 матч өткізіп, екі гол соқты. Transfermarkt порталы футболшыны 65 миллион еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или