Испаниялық маман клубпен төрт жылдық келісім жасады

Испаниялық маман клубпен төрт жылдық келісім жасады

Хаби Алонсо «Челсидің» бас бапкері болып тағайындалғаннан кейін алғашқы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Испаниялық маман лондондық клубпен төрт жылдық келісімшартқа қол қойған. Оның айтуынша, «Челсиде» жұмыс істеу — үлкен мәртебе.

Алонсо клуб басшылығымен ортақ мақсаттары бар екенін айтып, тұрақты түрде жоғары орындар үшін күресетін және трофей жеңетін команда құрғысы келетінін жеткізді.

Сондай-ақ ол қазіргі құрамның әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

Айта кетейік, 2025 жылдың басында сол кезде 16 жаста болған «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Челси» ойыншысы атанған еді.

Қазақстандық футболшы ағылшын клубымен бес жылдық келісімшарт жасасты. Трансфер құны 4,3 миллион еуроны құрап, қазақстандық футбол тарихындағы рекорд болды.

ФИФА ережесіне сәйкес, Сәтпаев «Челсиге» ресми түрде 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толғаннан кейін ғана қосылады. Оған дейін ол «Қайратта» жалда ойнай береді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или