«Әл-Наср» Азия кубогының финалында жеңілді
2025/2026 жылғы АФК Чемпиондар лигасы 2 турнирінің финалында Сауд Арабиясының «Әл-Насры» жапониялық «Гамба Осакадан» жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Эр-Риядтағы «Кингдом Аренада» өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 30-минутта түрік-швед шабуылшысы Денис Хуммет соқты.
Фаворит саналған саудиялық клуб матч бойы есепті теңестіре алмады. Криштиану Роналду да толық матч өткізгенімен, гол соға алған жоқ.
Осылайша португалиялық шабуылшы Сауд Арабиясына ауысқалы бері тағы бір турнирде трофейсіз қалды.
Дегенмен «Әл-Насрдың» әлі Про-Лига чемпионы атануға мүмкіндігі бар. Ол үшін соңғы турда «Дамакты» жеңіп, «Әл-Хиляльдың» ұпай жоғалтуын күтуі керек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или