Бундеслигада маусым қорытындысы шықты

Бундеслигада маусым қорытындысы шықты


16 мамыр күні Германия Бундеслигасының 2025/2026 жылғы маусымындағы соңғы тур матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маусым қорытындысы бойынша мюнхендік «Бавария» 89 ұпай жинап, чемпион атанды. Екінші орынды дортмундтық «Боруссия» иеленсе, үздік үштікті «РБ Лейпциг» түйіндеді. Төртінші орынға «Штутгарт» жайғасты.

Келесі орындарда «Хоффенхайм», «Байер», «Фрайбург» және «Айнтрахт» орналасқан.

Турнир кестесінің төменгі бөлігінде «Аугсбург», «Майнц», «Унион», Мёнхенгладбахтың «Боруссиясы», «Гамбург», «Кельн» және «Вердер» қалды.

«Вольфсбург» элитада қалу үшін плей-офф матчына қатысады. Ал «Хайденхайм» мен «Санкт-Паули» келесі маусымда Екінші Бундеслигада ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или