«Ертіс» соңғы минутта жеңілістен құтылды
ҚПЛ-дің оныншы турында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында семейлік «Елімаймен» тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші таймда алаң иелері алға шығып, По есеп ашты.
Үзілістен кейін «Елімай» сапынан Оразов пен Бахтияров гол соғып, қонақтарды алға шығарды.
Алайда матчтың соңына қарай павлодарлықтар таразы басын теңестірді. 86-минутта Ағиманов гол соғып, «Ертісті» жеңілістен құтқарды — 2:2.
Осы тең нәтижеден кейін «Ертіс» 7 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орынға көтерілді. Ал «Елімай» 14 ұпаймен алтыншы орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или