Түркиялық сарапшы: «Мен үшін таңдау басында Цолакис, одан кейін Темірлан Анарбеков тұр»

Түркиялық сарапшы: «Мен үшін таңдау басында Цолакис, одан кейін Темірлан Анарбеков тұр»

Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков түркиялық футбол сарапшысының жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншылар қабілетіне талдау жасауға әуес маман Әли Эмре қазақстандық қақпашының «Фенербахче» клубына пайдасын тигізе алатынын айтты. Оның пікірінше, түркиялық командаға шабуылды бастайтын емес, қорғанысты сенімді басқаратын қақпашы қажет.

«Біз, «Манчестер Сити»,«Бавария», «ПСЖ» немесе «Барселона» емеспіз. Бізге қақпадан шабуыл бастайтын емес, айып алаңында сенімді ойнайтын және қорғанысты басқара алатын қақпашы керек. Мен үшін таңдау басында Цолакис, одан кейін Темірлан Анарбеков тұр»  деді Әли Эмре.

Сарапшы сондай-ақ командаға матч тағдырын шешетін деңгейдегі қақпашы қажет екенін атап өтті. Ол мысал ретінде тәжірибелі уругвайлық голкипер Фернандо Муслераны келтірді.

Айта кетелік, Темірлан Анарбеков қазір «Қайраттың» негізгі қақпашысы саналады. Осы маусымда ол 11 матч өткізіп, алты кездесуде де қақпасына гол жібермеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или