Черногорияның «Будучност» клубынан ауысқан келімсек ауыр жарақаттанды

Черногорияның «Будучност» клубынан ауысқан келімсек ауыр жарақаттанды

«Қызылжар» клубының сербиялық жартылай қорғаушысы Неделько Пищевич Қазақстан кубогындағы матчта ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшының бет сүйегі бірнеше жерден сынған. Дәрігерлер оған бетсүйек доғасының ығысуы һәм сынуы және көз ұясы сүйегінің жарақаты диагнозын қойған.

Енді сербиялық ойыншыны емделу және қалпына келу кезеңі күтіп тұр. «Жеңіске» қарсы Қазақстан кубогының ширек финалындағы кездесуде жарақат алған.

31 жастағы жартылай қорғаушы «Қызылжар» сапына биыл қаңтар айында Черногорияның «Будучност» клубынан ауысқан болатын. Осы маусымда ол команда үшін 10 матч өткізіп, үш гол соқты.

Айта кетелік, «Қызылжар» мен «Жеңіс» арасындағы матч «Астана Аренада» өтіп, петропавлдық клуб 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или