Португалиялық футболшы: «Нәсілшілдік бар және ол барлық жерде кездеседі…»
Болгарияның «Черно Море» клубының шабуылшысы Селсу Сидни әлем футболындағы нәсілшілдік мәселесіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы «Ботев» пен «Черно Море» арасындағы матч кезінде қорғаушы Антуан Контеге байланысты болған жанжалға тоқталып, нәсілшілдік әлемнің көп алаңында кездесетінін жеткізді.
«Нәсілшілдік бар және ол барлық жерде кездеседі. Бірақ мен оған басқаша қараймын. Көбіне елемеймін. Мен үшін ең маңыздысы отбасым, футбол және командама көмектесу. Назар аудара берген нәрсе одан әрі күшейе түседі» деді Селсу Сидни.
Сонымен қатар, португалиялық ойыншы Болгариядағы кейбір матчтарда өзі де мұндай жағдайға тап болғанын айтты. Алайда оның пікірінше, ең дұрыс жол арандатуға жауап бермей, футболға көңіл бөлу.
Айта кетелік, футболшы Антуан Контенің өзін жайсыз сезінуін түсінетінін де атап өтті. Оның айтуынша, әр адам мұндай жағдайға әртүрлі қарайды және өз шешімін қабылдауға құқылы.