Ислам Чесноков Шотландия чемпионы атануға жақын

Ислам Чесноков Шотландия чемпионы атануға жақын

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ислам Чесноков бүгін Шотландия чемпионы атануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz

Шотландия чемпионатының 37-турында «Хартс» – «Фолкирк» және «Мотеруэлл» – «Селтик» матчы өтеді.

Егер «Хартс» бүгінгі ойында жеңіске жетіп, «Селтик» жеңілсе, Ислам Чесноковтың командасы мезгілінен бұрын чемпион атанады.

Егер «Селтик» бүгін үш ұпай иеленсе, чемпион соңғы турда анықталады. 38-турда «Хартс» дәл осы «Селтикпен» кездеседі.

Глазголық клубтың бүгінгі қарсыласы «Мотеруэлл» өткен турда «Хартспен» тең ойнаған болатын.

Айта кетейік, «Хартс» еншісінде 77, ал «Селтикте» 76 ұпай бар.

«Ақтөбеге» трансферлік бан қойылуы мүмкін

Алматыдағы футбол матчында жаппай төбелес тіркелді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или