«Шахтер» сербиялық «Нови Пазарды» ұтты

Түркиядағы жиын аясында қарағандылық «Шахтер» сербиялық «Нови Пазар» клубымен жолдастық матч өткізді.

Бұл туралы қарағандылық клубтың ресми сайты мәлім етті. Матчтың есебін 10-минутта сербиялықтар ашқан. Бірақ араға тоғыз минут салып Эрфан Зенели таразы басын теңестіріп тастады. Ал 32-минутта қарағандылық футбол мектебінің түлегі Қуаныш Ермеков «кеншілерді» алға шығарды. Екінші таймда Ермеков екінші голын соғып, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп – 3:1.

Естеріңізге сала кетсек, бұл «Шахтердің» 2016 жылдағы алғашқы жеңісі болатын.

«Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) - «Нови Пазар» (Нови Пазар, Сербия) 3:1 (2:1)

Голдар: Зенели 19 (1:1), Ермеков 32 (2:1), Ермеков 55 (3:1)

«Шахтер»: Рушинас, Габышев (Дубков 88), Фернандо, Арзуманян (к), Горячий (Киров 65), Пикалкин (Скорых 61), Байжанов (Воробьев 77), Ермеков (Ветров 70), Ягуби, Зенели (Нұрыбеков 46), Осеи (Жанғылышбай 46 (Финонченко 84)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или