Қазақстандық спортшылар Болгариядағы Challenge Cup кезеңінде үздік бестікке енді
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ат снарядындағы жаттығуда Роман Хегай 13,600 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады. Ал Зейнолла Идрисов 13,133 ұпаймен алтыншы нәтиже көрсетті.
Нуртан Идрисов сақиналардағы жаттығудың финалында 13,166 ұпай алып, бесінші орынды иеленді.
Қол тіреп секіру жаттығуының финалына шыққан Асан Сәлімов жарысты алтыншы орынмен аяқтады (13,583). Ал кермедегі жаттығуда Роман Хегай 11,233 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты.
Стенд атудан «трап» дисциплинасы бойынша іріктеу кезеңі өтуде
Қазақстан садақ атудан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдесі үшін сынға түседі
Қазақстандық спортшы Алматыдағы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды