Қайрат Боранбаев: «ҚФФ Регламентті сақтамай отырса, не айтуға болады?»

«Қайраттың» баспасөз-қызметі «ВиОнға» қарсы матчтың алдында Қайрат Боранбаевпен сұхбаттасты. Бақылау кеңесінің басшысы құрамды жасақтау туралы, «Орталық» стадионның жөндеу жұмысы жайлы айтып, сондай-ақ, жастар құрамасының ойыншылары туралы оқиға жайында өз пікірін білдірді.

– «Қайрат» осы маусымда үлкен трансферлер жасауды жоспарлап отыр ма?

– Команда жасақталды. Біз бәсекелестіктің көтерілуі үшін Андрей Сидельниковпен келісім-шартқа отырдық – бұл маңыздысы. Командаға Словакия құрамасының ойыншысы Лукаш Тесакты алдық, ол ойынға күш беруі тиіс. Сергей Ткачукке келер болсақ, бұл талантты қақпашының ойнауы қажет, ал бізде ол алаңға көп шыға бермейтін, сондықтан біз Сергейді босаттық. Басқа клубта көбірек ойнауы мүмкін.

– Үш жаңа ойыншының екеуі 30 жастан асқан, бұл неге байланысты?

– Біздің құрамды қарайтын болсақ, біз ҚПЛ-дегі ең жас командамыз деп айтуға болады, бұл жиынға 19-20 жастағы 4 футболшы шақырылды, былтырғы жылы олар дубльде ойнаған болатын. Тәжірибелі ойыншылармен бірге олар да дами түседі.

– Жанкүйерлерді «ҚазРосГаз» туралы сұрақ қызықтырады, олар клубтың негізгі құрылтайшылары болып қала бере ме?

– Олар әлі де біздің негізгі құрылтайшыларымыз, бірақ бізге бұл компаниядан ақша түсіп отырған жоқ және олар клубтың өміріне де қатыспайды, дегенмен 2016 жылы біздің бюджетті қорғап, жұмысымыз жалғасады деп үміттенеміз. Қазір «Қайрат» жеке және жұмылдырылған қаражатпен қамтамасыз етілуде.

– Біздің бірнеше ойыншымыз Достастық кубогына шақырылған, бірақ ол жаққа бармады. Себебі неде?

– Себебі ме? Ешқандай себеп жоқ. Егер ҚФФ Регламентті сақтамай отырса, не туралы айтуға болады? Достастық кубогы – бұл FIFA-ның ресми күнтүзбесіне енген турнир емес, бірақ біз жігіттерді турнирге жіберуге келіскенбіз. Регламентте былай жазылған, футболшылар құрамаға матчқа 48 сағат қалғанға дейін келуі керек, ал ойыншыларды 2 апта бұрын жастардың жиынына шақырды.

Біз Федерацияға хат жазып, өз ойыншыларымызды Қазақстан футбол федерациясының тәртібіне сүйене отырып, турнирдегі матчтың басталуына 48 сағат қалғанда жіберуге дайын екенімізді айттық. Бірақ бұған ешқандай жауап келмеді. Мүмкін ойыншыларды қажет етпей қалған шығар? Арнайы тәртіп бар, ал біз соған сүйене отырып жұмыс жасадық.

– «Қайрат» неліктен өз алаңындағы матчты үшінші турда ғана бастайды?

– Алматыдағы «Орталық» стадионда жөндеу жұмысы жүргізілуде, ішкі тұстарын қайта құрып жатырмыз. Былтыр Еуропа лигасында өнер көрсеткенімізде УЕФА делегаттарынан бірнеше ұсыныстар алғанбыз, енді соны жөндеп жатырмыз.

Көгалды алмастыруды бастадық, бұрынғысы бірнеше жыл тұрып еді, сондықтан алғашқы ойындарды Алматыда өткізе алмаймыз. Осы мәселе бойынша ҚКФЛ-ге өтініш жібергенбіз, Лига бізге қарсы болмады. Біздің алғашқы матчтарымызды басқа қалаларға ауыстырғаны үшін ҚКФЛ президенті Олжас Абраевқа алғыс айтамыз.

– Қазақстан құрамасында әлі бапкер тағайындалмады, бұл міндетке кім лайық деп ойлайсыз?

– Мен Владимир Вайсс лайықты деп ойлаймын, ол Словакия құрамасымен табысты өнер көрсетті, оның үстіне, Қазақстанда үш жыл жұмыс жасады, біздің чемпионатты жақсы біледі.

Бұл оның «Қайратты» жаттықтырғанына байланысты емес, бұл оның кәсібилігіне байланысты. Ол келіседі деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или