Мадрид клубының ойыншылары жаңа тәртіп енгізуді ұсынып отыр
Мадридтің «Реал» клубындағы бірнеше футболшы команда капитанын тағайындау жүйесін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазіргі таңда клубта капитандық таңғыш командада ең ұзақ уақыт ойнаған футболшыға беріледі. Алайда кейбір ойыншылар бұл қағидамен келіспейді. Бұл туралы AS басылымы жазды.
Дереккөз мәліметінше, бірқатар футболшы «Барселонадағы» жүйеге ұқсас аралас форматты енгізуді қолдап отыр. Яғни капитан тек тәжірибесіне қарай емес, киім ауыстыратын бөлмедегі дауыс беру арқылы да анықталуы мүмкін.
Мәселенің ушығуына Орельен Тчуамени мен Федерико Вальверде арасындағы жанжал себеп болғаны айтылды. Ақпарат бойынша, қазіргі капитан Даниэль Карвахаль жанжалдан кейін стадионнан алғашқылардың бірі болып кетіп қалған. Кейін клубтың шақыртуымен шұғыл жиналысқа қайта оралған.
Сондай-ақ вице-капитандар Федерико Вальверде мен Винисиус Жуниордың да осы жағдай кезінде сабыр сақтай алмағаны хабарланды.