Парижде футбол жанкүйерлері бүлік шығарып, 100-ден астам адам қамауға алынды

Парижде футбол жанкүйерлері бүлік шығарып, 100-ден астам адам қамауға алынды

Пари Сен-Жермен командасы Мюнхеннің «Бавариясына» қарсы матчта тең ойын көрсетіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты. Бұл жеңіс жаппай мерекелеуге ұласып, кейін полициямен қақтығысқа себеп болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Парк де Пренс» стадионы маңында және Елисей алаңында жанкүйерлер мен құқық қорғау күштері арасында қақтығыстар тіркелді. Нәтижесінде полиция 127 адамды қамауға алды, құқық қорғау органдарының 23 қызметкері жеңіл жарақаттанды.

Париж өрт сөндіру қызметі 67 қоқыс жәшігінің және үш автокөліктің өртенгенін хабарлады. Елисей алаңында жиналуға ресми тыйым салынғанына қарамастан, мыңдаған жанкүйер көшелерді толтырып, жандармерия көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды.

Франция Ішкі істер министрлігінің дерегінше, тәртіпсіздіктер кезінде 11 тұрғын зардап шеккен, олардың бірі пиротехниканы абайсыз қолдану салдарынан ауыр жарақат алған.

Париж полициясының басшысы Лоран Нуньес оқиғаларға қарамастан, былтырғы жылмен салыстырғанда тәртіпсіздіктер ауқымы айтарлықтай аз болғанын айтты. Дегенмен, билік финал күні қауіпсіздік шараларын күшейтетінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы ойынында «Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Бавария» (Германия) командалары кездесті. Екі команда тартысты ойын өткізді.


«Әл-Наср» чемпиондыққа жақындай түсті

«Ордабасы» мен «Қайрат» матчының өтетін күні өзгерді

Чемпиондар лигасы: аптаның үздік ойыншысы атағына кім лайық

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или