«Челси» мен «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншылары «Ақтөбеге» ауыспайтын болды

«Челсидің» бұрынғы ойыншысы Ислам Феруз бен «Манчестер Сити», «Анжи» клубтарының намысын қорғаған Абдул Разак «Ақтөбеге» ауыспайтын болды.

«Олар кеше өздері жаттығу жасады. Кешке қарай ойынның тактикалық сәттері туралы әңгімелестік, ал бүгін олармен танысып, мүмкіндіктерін байқап көрсек пе деген едік. Біз оларға қалай ойнайтынымызды көрсеттік. Таныстығымыз осылай аяқталып қалды. Себебі, таңертең тұрсақ, олар қонақүйде болмай шықты», - деді «Ақтөбенің» бас бапкері Юрий Өткелбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или