«Арсенал» — «Атлетико» матчына видеошолу

«Арсенал» — «Атлетико» матчына видеошолу

5 мамыр күні Англияда Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лондондық «Арсенал» өз алаңында мадридтік «Атлетиконы» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды 44-минутта Букайо Сака соқты.

Осылайша екі матч қорытындысы бойынша «Арсенал» 2:1 есебімен басым түсіп, турнир финалына шықты.

Енді Микель Артета командасы финалда «Бавария» мен ПСЖ жұбының жеңімпазымен кездеседі. Алғашқы ойында париждік клуб 5:4 есебімен жеңген болатын.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или