«Ұлытау» «Елімайды» ұтып, жоғары көтерілді

«Ұлытау» «Елімайды» ұтып, жоғары көтерілді

ҚПЛ-дің сегізінші турында жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында семейлік «Елімайды» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «Металлург» стадионында өтті. Жалғыз гол 6-минутта соғылды. Бұрыштамадан кейін Георгий Бугулов жақын қашықтықтан дәл соққы жасап, есеп ашты. Ассист Саги Маликайдардың еншісінде.

Бірінші таймның ортасында алаңда жанжал туындап, төреші екі команда ойыншыларына төрт сары қағаз көрсетті.

Осы жеңістен кейін «Ұлытау» 14 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Ал «Елімай» маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырап, 13 ұпаймен үздік бестік шегінде қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или