«Реал» Зиданмен қайта келіссөз жүргізгенін растады

«Реал» Зиданмен қайта келіссөз жүргізгенін растады

Мадридтің «Реалы» 2025 жылдың желтоқсанында Зинедин Зиданды қайта шақыруға тырысқан, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб Хаби Алонсоны қызметінен босату туралы шешім қабылдағаннан кейін жаңа бапкер іздеген. Алайда шұғыл түрде ауыстыратын маман табылмай, Алонсо қаңтардың басына дейін жұмысын жалғастырған. Кейін оның орнына Альваро Арбелоа тағайындалды.

Мәліметке сәйкес, «Реал» Зиданның үшінші рет оралуын қалаған. Француз маман ұсынысқа оң көзқарас танытқанымен, одан бас тартқан.

Себебі ол сол кезде Франция құрамасымен жұмыс істеу туралы келісімге келіп қойған және оны бұзуды жөн көрмеген.

Айта кетейік, Зидан «Реалды» 2016–2018 және 2019–2021 жылдары жаттықтырып, үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или