Қазақстандық қорғаушы командасына жеңіс сыйлады

Қазақстандық қорғаушы командасына жеңіс сыйлады

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова мәскеулік «Динамо» сапында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей әйелдер Суперлигасының бесінші турында «Динамо» сырт алаңда «Чертановомен» кездесті. Матч тағдырын жалғыз гол шешті. 51-минутта Мясникова айып алаңынан тыс жерден айып соққысын дәл орындап, есеп ашты.

Кездесу 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Осылайша қазақстандық футболшы командасына жеңіс әкелді.

Осы нәтижеден кейін «Динамоның» еншісінде 6 ұпай бар, команда жетінші орында тұр. Ал «Чертаново» 3 ұпаймен 11-сатыда орналасқан. Айта кетейік, Юлия Мясникова клубқа 24 сәуірде еркін агент ретінде қосылған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или