«Жетісу» сырт алаңда ұпай алды

«Жетісу» сырт алаңда ұпай алды

ҚПЛ-дің сегізінші турында «Жетісу» сырт алаңда «Қайсармен» тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «Қайсар Аренада» өтті. Бірінші таймның соңына қарай Нұрбол Ануарбеков қонақтарды алға шығарды. Алайда қосымша уақытта Әлияр Мұхаммед есепті теңестіріп, командалар үзіліске тең нәтижемен кетті.

Екінші таймда ойын тартысты өткенімен, есеп өзгерген жоқ. Матч 1:1 есебімен аяқталды.

Осы нәтижеден кейін «Жетісу» 12 ұпайға жетіп, турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал «Қайсар» алты рет тең ойнап, әлі жеңіске жете алмай, 13-орында қалып отыр.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или