Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Лондондағы әлем чемпионатында жеңіске жетті
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатындағы өнерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Турнир аясында қазақстандық командалар топтық кезеңде екі жеңіске қол жеткізді.
Әйелдер
Қазақстан - Моңғолия 3:0
Зәуреш Ақашева - Буренджаргал Санджаа 3:0
Сарвиноз Миркадирова - Болор-Эрдэнэ Батмөнх 3:1
Әнел Бақыт - Эгшиглен Бат-Эрдэнэ 3:0
Ерлер
Қазақстан - Мысыр 3:2
Кирилл Герасименко - Омар Ассар 3:0
Алан Құрманғалиев - Мохамед Эльбеали 3:1
Ескендір Харки - Юсеф Абделазиз 0:3
Алан Құрманғалиев - Омар Ассар 2:3
Кирилл Герасименко - Мохамед Эльбеали 3:1
Еске салсақ, бір күн бұрын Қазақстан ерлер құрамасы Түркияны жеңсе, әйелдер құрамасы Бразилияға есе жіберген болатын.