«Челси» мен «Манчестер Ситидің» бұрынғы ойыншылары «Ақтөбеге» ауысты

«Ақтөбе» футбол клубының директоры Дмитрий Васильев командаға қосылған жаңа ойыншылар жайлы айтып берді.

Prosportkz.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Васильев ақтөбелік клубтың оқу-жаттығу жиынына қосылған футболшылар туралы айтты.

- «Ақтөбеде» байқауда «Челсидің» бұрынғы ойыншысы Ислам Феруз бен «Манчестер Ситиде» өнер көрсеткен Абдул Разак жүр. Клуб олармен келісімшартқа отырды ма?

- Олар байқауға емес, келісімшартқа отыруға келді. Мұндай ойыншылар байқаудан өтпейді. Ақпанның 11-і мен жиынға барамын, сол кезде олармен ресми түрде келісімге отырамыз. Басқа ештеңе айта алмаймын.

Сондай-ақ, Васильев Стас Покатиловтың ресейлік «Ростовқа» ауысуға жақын екенін айтты.

- Покатилов әлі ауысқан жоқ, бірақ «Ростовқа» кетуге жақын. Қазір трансфердің құны жайлы келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или