Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді

Серік Сәпиевтің орнына жаңа басшы келді

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Нұркен Нұратов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұркен Нұратов бұған дейін Алматы облысының олимпиадалық резервті даярлау орталығын басқарған. Министрлік жанындағы комиссия оның спорт саласындағы мол тәжірибесін ескере отырып, кандидатурасын мақұлдады. 

Естеріңізге сала кетейік, өңірдің бұрынғы спорт басшысы Серік Сәпиев өз орынбасарымен болған даулы жағдайдан кейін қызметінен кеткен болатын. Қазіргі уақытта Олимпиада чемпионы Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі және Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметтерін атқаруда.

Жәнібек Әлімханұлы WBO шешіміне қарсы апелляция берді

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды

Адамес Әлімханұлына қатысты батыл мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или