Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандастарымыз бүгін Гонконг құрамасымен кездесті.
Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша ойын тең аяқталды (4:1, 6:2, 2:3, 0:1). Бірақ пенальти сериясында қазақстандықтар 2:1 есебімен басым түсіп, жеңісті суырып алды. Бұған дейін ұлттық құрама Таиландты жеңген болатын.
Айта кетейік, Саньяда су добы бәсекелері айналмалы жүйе бойынша өтуде. Ерлер арасындағы жарысқа алты құрама қатысып жатыр.
Қазақстан келесі матчын 27 сәуірде, Иран құрамасына қарсы өткізеді.
Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или