Клуб трансфер мәселесіне асықпай қарайды

Клуб трансфер мәселесіне асықпай қарайды

«Баварияның» спорттық директоры Макс Эберль «Ньюкасл» вингері Энтони Гордонға қызығушылық туралы ақпаратқа қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, басқа клубтың келісімшарты бар ойыншылары жайлы ашық айту дұрыс емес. Сондай-ақ мюнхендік клуб трансфер нарығында асығыс шешім қабылдамай, жазда бәрін салмақтап әрекет етуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін ақпарат көздері «Ньюкасл» ойыншыны шамамен 90–100 миллион еуроға сатуға дайын екенін жазған еді.

Осы маусымда Гордон барлық турнирде 46 матч өткізіп, 17 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Оның клубпен келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или