ҚПЛ-да «Ұлытау» Талдықорғанда ұтылды

ҚПЛ-да «Ұлытау» Талдықорғанда ұтылды

ҚПЛ-дің жетінші турында талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытауды» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде алаң иелері сапынан Нұрбол Ануарбеков пен Әділхан Добай гол соқты.

Осы жеңістен кейін «Жетісу» 11 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал «Ұлытау» да 11 ұпаймен жетінші орында тұр.

Келесі турда «Ұлытау» өз алаңында семейлік «Елімайды» қабылдайды. Ал «Жетісу» сырт алаңда қызылордалық «Қайсармен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или