ҚПЛ-да «Ертіс» минималды есеппен ұтылды
ҚПЛ-дің жетінші турында «Ақтөбе» өз алаңында «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz. Кездесу Қобыланды батыр атындағы «Орталық» стадионда өтті. Бірінші таймда екі команда да бірнеше қауіпті сәт жасады, бірақ қақпашылар Александр Заруцкий мен Виталий Ботнарь сенімді ойнап, есеп ашылмады. Екінші таймда ойын тағдыры шешілді. 63-минутта Артур Шушеначев айып алаңына жасалған пасқа бірінші болып жетіп, жеңіс голын соқты. Осы нәтижеден кейін «Ақтөбе» 10 ұпай жинап, турнир кестесінің жоғарғы бөлігіне көтерілді. Ал «Ертіс» 6 ұпаймен төменгі қатарда қалып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или