Байдарка мен каноэде ескек есуден АЧ: Қазақстандық спортшы топ жарды

Байдарка мен каноэде ескек есуден АЧ: Қазақстандық спортшы топ жарды

Қытайдың Хэфэй қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 4 медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Байдаркамен 1000 метрге жарыста Ұлттық құрама спортшысы Стелла Суханова алтыннан алқа тақты. Ол финалда тәжірибелі жарыс қожайыны Цюй Нин (күміс) және Милана Душев-Яничті (Өзбекстан) басып озды.

Ал байдаркада 500 метрге аралас жұптық сында (микст) Артём Терещенко мен Ольга Шмелёва күміс жүлдеге ие болды.

Жүлдегерлер:

  • 1. Қытай командасы 1:36.64 секунд
  • 2. Қазақстан командасы 1:36.79 секунд
  • 3. Өзбекстан құрамасы 1:38.13 секунд

Сондай-ақ каноэде әлем чемпионатының қола жүлдегері Мария Бровкова 500 метрге жарыста 3-ші болып мәреге жетті. Бас жүлде Қытай, күміс Вьетнам өкілінің еншісінде.

Байдаркамен 1000 метрге жарыста Тимофей Емельянов пен Владислав Руденко жұбы үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан командасы жарыстың алғашқы күнінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдеге қол жеткізді.

Биылдан бастап спорттың бұл түрінен құрлық чемпионаттары жаңа жүйеге, яғни Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай сарапқа салынатын форматқа көшті.

Байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты басталды

Байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или