Байдарка мен каноэде ескек есу: Жаңа форматқа ауысқан Азия чемпионаты басталды
Бүгін Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылдан бастап спорттың бұл түрінен құрлық чемпионаттары жаңа жүйеге, яғни Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай сарапқа салынатын форматқа көшті. Осы жарыста Ұлттық құраманың 23 спортшы жүлдемен қатар, маңызды ұпайларға таласады.
Хэфэйдегі жарысқа барлығы 22 мемлекеттен 400-ге жуық ескек есу шебері келді. Айта кетейік, алдағы күндері байдарка мен каноэден 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды
Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасының тізімі