Арда Гюлер мансабына АПЛ-да жалғастыруы мүмкін
Лондонның «Арсенал» клубы «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Арда Гюлердің трансфері бойынша келіссөздер бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ағылшын клубы келісімшарт мүмкіндігін зерттеу үшін ойыншының өкілдерімен байланысқа шыққан. «Ливерпуль» мен «Челси» де 21 жастағы ойыншыға қызығушылық танытуда.
Гюлердің «Реал Мадридтегі» болашағы белгісіз және басшылықтың шешіміне байланысты болуы мүмкін. Осыған қарамастан, ойыншының өзі қазіргі уақытта Мадрид клубындағы орнына риза және кетуді жоспарлап отырған жоқ.
Биылғы маусымда түрік жартылай қорғаушысы 50 матч өткізіп, алты гол соғып, 14 пас берді.
Трансфер құны шамамен 90 миллион еуроны құрайды деп хабарланады.
Ламин Ямаль үшін маусым аяқталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или