Испания кубогы: «Атлетико» финалда жеңіліп қалды
«Атлетико» мен «Реал Сосьедад» Испания Кубогының финалында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Командалар негізгі уақыттан кейін 2-2 есебімен тең түсті. «Атлетиконың» голдарын Адемола Лукман (18-минут) пен Хулиан Альварес (83-минут) соқты, ал «Реал Сосьедадтан» Андер Барренетчеа (1-минут) мен Микель Ойарсабаль (45+1, пенальти) көзге түсті. «Реал Сосьедад» пенальти сериясында 4-3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, «Реал Сосьедад» өз тарихында төртінші рет Испания Кубогын жеңіп алды. Команда бұған дейін бұл турнирде 1909, 1986/87 және 2019/20 маусымдарында жеңіске жеткен болатын.
«Челси» Кайседомен келісімшартын ұзартты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или