«Реал» назарындағы бапкерлер тізімі жарияланды
Әлемдегі үздік клубтардың бірі саналатын испаниялық «Реал» клубы осы маусым аяқтала салысымен үлкен өзгерістер жасауға дайындалуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еуропалық ақпарат көздерінің мәліметінше, мадридтік клуб жазда тәжірибелі жаңа бапкер тағайындау нұсқасын қарастыруда. Басшылық жұлдызды ойыншылармен жұмыс жасай алатын, әлемдік аренада өзіндік орны бар білікті маман келгенін қалайды.
Клуб назарындағы бапкерлер тізімі:
- Юрген Клопп (бапкерлік қызметте емес)
- Маурисио Почеттино (Америка құрамасының бас бапкері)
- Дидье Дешам (Франция құрамасының бас бапкері)
- Лионель Скалени (Аргентина құрамасының бас бапкері)
- Юлиан Нагельсман (Германия құрамасының бас бапкері)
- Жозе Моуриньо («Бенфика» клубының бас бапкері).
Айта кетейік, биылғы маусым «Реал» үшін сәтсіз өтті. Команда Чемпиондар лигасының ширек финалында жарыстан шығып қалды және Испания чемпионатында көш бастап тұрған «Барселонадан» тоғыз ұпайға артта қалып келеді. Маусым аяқталуына жеті тур қалғанда бұл айырманы қысқарту қиын болмақ. Сонымен қатар, маусым ортасында Испания кубогынан да ұшып кеткен болатын.